«Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директорын қайта тағайындау туралы сот шешімі бар, ол барлық органдар үшін міндетті және орындалды. Жаңа басшыға басқару функцияларын жүзеге асыруда көмектесетін боламыз. Ал ҚазМұнайГаз компаниясының корпоративтік мәселелеріне қатысты мәселелерге түсініктеме бергім келмейді, бұл компания мен оның акционерлерінің құзыретіне жатады», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, министр мұнай зауытының қазіргі жұмысына қатысты ойын ортаға салды.
«Кәсіпорын жұмыс істеп тұр, ағымдағы қызметі туралы есептерді алып отырмыз. Атап айтқанда, негізгі қондырғылардың жұмысы, күнделікті мұнай өнімдерін өндіру туралы. Оның үстіне орынбасарларым арасында өңірлердегі мұнай өңдеу зауыттарына барып тұрады. Ағымдағы жағдайдан хабардар болуға тырысамыз», - дейді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, Ғалымжан Жусанбаев биыл 10 қаңтарда Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директорлығына тағайындалған еді.
Алайда, бір айдан соң бас директор мен бас инженер арасында дау туындады.
Осыған байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК тарапынан құрылған арнайы комиссия Атырау мұнай өңдеу зауытын тексеруді бастады.
19 ақпанда Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғалымжан Жусанбаев пен бас инженері Әділет Шошанбасов қызметінен босатылды.
22 маусымда Ғалымжан Жусанбаев соттың шешімімен Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-директоры жұмысына қайта оралды.