Бас прокурор Астанадағы АРЭК ғимаратында орналасқан № 202 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының жаңа бір палаталы Құрылтайына алғашқы депутаттарды сайлауда өз таңдауын жасаған болатын.
Сонымен қатар Жоғары Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев №169 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауына дауыс берді.
Сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов және Палата мүшелері Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алғашқы сайлауында дауыс берген еді.
Бүгін елімізде тарихи Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Онда 145 депутаттық мандатқа жеті партиядан 545 кандидат тіркелген.
Дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде өтеді.
Еске салсақ, биыл 1 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысатын «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica партиясының тізімдерін тіркеді. 145 депутаттық мандатқа 545 кандидат үміткер болып отыр.