Бейбарыс Сұлтан Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық дзюдошы Бейбарыс Сұлтан Прагада (Чехия) өткен жастар арасындағы Еуропа кубогында күміс жүлдегер атанды.

Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз 100 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.

ҚР ҰОК мәліметінше, Бейбарыс ақтық сында әзірбайжандық Рамазан Ахмадовпен белдесіп, қарсыласына жол берді. Осылайша жарысты екінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, жастар арасындағы Еуропа кубогына 33 елден 455 дзюдошы қатысты.

Қазақстан қыздар құрамасы волейболдан Азия чемпионатын алтыншы орынмен аяқтағанын жазған болатынбыз.

Триатлоннан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды.