Қазақстандық теннисші украиналық Вадим Урсумен бірге бастапқы кездесуін аустралиялықтар Джейк Дилэйни – Марк Полманспен өткізді.
Бірінші партияда қазақстандық-украиналық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте аустралиялықтар есе қайырды – 7:5.
Супер тай-брейкте Жұқаев – Урсу жеңісті жұлып алды – 10:8.
Бейбіт Жұқаев – Вадим Урсу жартылай финалға шығу үшін аргентиналық Агустин Гомес – эквадорлық Андрес Андрадемен таласады.
Жекелей сында әлемдік рейтингіде 302-орында тұрған Б.Жұқаев осы додада алғашқы айналымнан аса алмады. Бейбіт әлемнің 329-ракеткасы, аргентиналық Факундо Менаға жол берді – 4:6, 2:6.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 285-сатыдағы Михаил Кукушкин Мурсия (Испания) челленджер турнирінің ширек финалынан тыс қалды. Ол әлемнің 165-ракеткасы, испаниялық Роберто Карбальес Баэнаға есе жіберді – 1:6, 6:3, 2:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Испаниядағы жарыстың келесі айналымына өткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бублик Майами мастерс турнирінде табысты өнер көрсете ала ма, сол туралы хабарланды.