Биыл 4000 отандасымыз қажылық парызын өтейді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған миссия өкілдері Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспановпен кездесті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы мәлім етті.

Фото: Pexels

Кездесу барысында тараптар биылғы қажылық маусымындағы ұйымдастыру жұмыстары, қазақстандық қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және олардың сапарын барынша ыңғайлы ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты талқылады.

Фото: ҚМДБ

Өз кезегінде Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов қасиетті сапарға келетін отандастарымызға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Айта кетейік, биыл 4000 отандасымыз қажылық парызын өтейді. Оларға конкурстан өткен 14 туркомпания қызмет көрсетеді. Миссия тарапынан қажылықты ұйымдастыру жұмыстары толық бақылауға алынған.

Фото: ҚМДБ

Еске сала кетейік, биылғы қажылық маусымы 15 мамыр — 5 маусым аралығында өтеді.

Ал қазақстандықтарды қажылыққа апаратын әуе компанияларына қандай талаптар қойылатынын мына сілтемеден оқыңыз.

Сауд Арабиясы қажылық қарсаңында Меккеге кіруге қатысты жаңа талаптарды жариялады.