«Жол-көлік оқиғасында мерт болғандардың және жарақат алғандардың төрттен бір бөлігі жаяу жүргіншілер. Биыл 308 жаяу жүргінші көз жұмды және 2 168-і жарақат алды», - деді ведомство өкілі.
Осы орайда ол жаяу жүргіншілер жолда жауапкершілік танытуы тиіс екенін, жолдағы қауіпсіздік жалпы алғанда жаяу жүргіншіге де, көлік жүргізушісіне де қатысты екенін атап өтті.
«Себебі бағдаршамның қызыл түсін елемей жүрген немесе жолды белгіленбеген жерінен кесіп өткен жаяу жүргінші жол апатына кінәлі болып жатады. Жаяу жүргіншілердің кесірінен 265 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 55 адам қаза болып, 217-сі түрлі жарақат алды», - деді ведомство өкілі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылы Қазақстанда жол-көлік апаттары көбейді.