Биыл Қазақстанда жол-көлік апаттары көбейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жол-көлік апаттарының саны көбейді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұратәлиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Еліміздің жолдарында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау Ішкі істер министрлігінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып отыр. Оны жүзеге асыру үшін жол жүрісі қауіпсіздігінің деңгейін арттыру бойынша ұйымдастырушылық, практикалық және құқықтық шаралар кешені қабылданып жатыр», - деді Ж. Мұратәлиев министрлікте өткен брифингіде.

Оның айтуынша, биыл елімізде барлық көрсеткіштері бойынша апаттылықтын өскені байқалады. Жол-көлік оқиғаларының саны бойынша 9 пайызға, оның салдарынан қайтыс болғандардың саны 17 пайызға, жарақат алғандардың саны 9 пайызға өскен.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ведомствода өткен брифингіде апта ішінде елімізде 3,4 мың қылмыс тікелгені айтылды.


Соңғы жаңалықтар