БҚО-да қоғамдық тәртіпті бұзған азамат 25 тәулікке қамалды

АСТАНА. KAZINFORM — Бөрлі ауданының Ақсай қаласында полиция қызметкерлері түнгі клубтардың бірінің қасында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Видеодан алынған скрин

— Бұл азамат қоғамдық орында балағат сөздер айтып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Құқық бұзушы Ақсай қаласының 22 жастағы тұрғыны Асет Кенесов екені анықталды. Сот шешімімен ол 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін TikTok-та балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны 5 тәулікке қамалды.