БҚО ТЖД бастығының орынбасары Нұралы Мүсиевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, сонымен қатар 2 дала өрті (2025 жылы осы мерзімде — 2) 1 200 гектарды (1 200 га) шарпыды.
Сонымен қатар далада 64 жану дерегі (85) орын алып, оның аумағы 1 023,1 га (1 671,5 га) болды.
Нұралы Қажмұқанұлының сөзіне қарағанда, материалдық шығын 336,1 мың теңгеге жетіп, өткен жылғыдан (140,1 мың теңге) әлдеқайда өсті.
— Орман өрттерін уақытылы анықтау және тез оқшаулау үшін Ақжайық, Бөрлі, Тайпақ, Орал, Чапаев, Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ аумағын қамтитын 10 бейнекамера орнатылған. Олар ерте анықтау жүйесіне және департаменттің цифрлық сервистеріне қосылған. Бұдан бөлек, департаменттің кезекші бөлімі облыс аумағында ғарыштық мониторинг жүргізу үшін дала және орман аймақтарында жану нүктесін дереу анықтау мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» жүйесі арқылы тәулік сайын ғарыштық мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ облыс аумағында Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы орман шаруашылығы аумағында «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ға тиесілі тікұшақ орналастырылды. Аталмыш ұшақ облыс аумағында өрт қаупінің күшеюіне байланысты әуеден кестеге сәйкес патрульдеу жұмыстарын жүргізеді, — деді Н.Мүсиев.
Оның айтуынша, күні бүгінге дейін мобильді топтармен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау мақсатында 901 рейдтік іс-шара өткізілді. Соның нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 441 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 46-сына 2,1 млн астам теңге айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында Хан тоғайы отқа оранғанын жазған едік.
Сондай-ақ Оралда төтенше жағдай жарияланды.
Батыс Қазақстанда орманға кіруге тыйым салынды.