Жартылай финалда қазақстандық боксшы польшалық Анета Рыгельсканы айқын басымдықпен жеңді. Қорытынды есеп – 5:0.
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан байрақты бәсеке 26 сәуірде аяқталады.
Айта кетсек, 24 сәуірде Аида Әбікеева (65 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Виктория Графееева (60 келі), Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі) қарсыластарын жеңсе, Даниял Сәбит (50 келі) пен Санжарәлі Бегалиев (75 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін бүгін әлем кубогында Қазақстан атынан қанша боксшы шаршы алаңға шығатынын жазған едік.