Brent мұнайының бағасы 14 тамыздан бері алғаш рет 87 доллардан төмендеді

АСТАНА. KAZINFORM – Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 14 тамыздан бері алғаш рет барреліне 87 доллардан төмендеді. Бұл туралы Лондондағы ICE биржасының сауда деректерінен белгілі болды, деп хабарлайды ТАСС .

Фото: Pexels

Мәскеу уақытымен сағат 22:51-де (Астана уақытымен 00:51) Brent мұнайының бағасы 4,67%-ға төмендеп, барреліне 87,87 доллар болды. Сауда барысында баға 88 доллардан төмен түсті.

Ал Мәскеу уақытымен сағат 23:05-те (Астана уақытымен 01:05) Brent арзандауын жалғастырып, 14 тамыздан бері алғаш рет барреліне 87 доллардан төмендеді. Оның бағасы 5,73%-ға құлдырап, 86,89 долларды құрады.

Сонымен қатар қыркүйекте жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 4,95%-ға төмендеп, барреліне 80,8 доллар болды.

Еске салайық, жуырда Энергетика министрлігі биылға мұнай өндіру жоспары 2 млн тоннаға қысқартылғанын мәлімдеді

Сондай-ақ Қазақстан мұнай өңдеу көлемі мен дайын өнім экспортын екі есе арттыруды жоспарлап отырғаны хабарланған.