Бүгін Алматы және Қостанай, Атырау қалаларында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

– 12 шілдеде Қостанай, Алматы, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда ауадағы күкіртсутегінің мөлшері нормадан 10 есе асып кеткенін жаздық.

Ал Қызылордада экология талабын бұзған кәсіпорындарға 3,5 млн теңгеден аса айыппұл салынды.