– 30 мамырда Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетсек, Қазақстан 2035 жылға қарай парниктік газ шығарындыларын 17%-ға қысқартуды көздеп отыр. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық форум аясында өткен «Халықаралық Климаттық күн тәртібі: ЕАЭО үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты сессия жұмысы барысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев айтты.
Ал оған дейін еліміздегі климат қалай өзгеріп жатқанын жаздық.