Бүгін Алматыда және тағы бес қалада ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Pixabay.com

– 13 мамырда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қарағанды, Теміртау қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін радиоактивті қалдықтарды басқаруға арналған жаңа заң қандай өзгерістерді қамтитынын жаздық.

Ал Алматыда ауаны ластаған автопарктер 13 млн теңге айыппұл төледі.