Бүгін Алматыда және тағы үш қалада ауа сапасы төмендейді – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

18 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы, түнде Қостанай, Жезқазған қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетсек, Ақтауда жаз басталғалы жағымсыз иіс күшейген. Мамандар иістің қайдан шығып жатқанын анықтады.

Сондай-ақ Алматыда ауаны ластап жатқан нысандарды анықтайтын 20 мобильді станция сатып алынатынын жаздық.