Бүгін батыс пен орталық Қазақстанның кей қалаларында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

— 10 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды қалаларында, түнде Жезқазған қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін 10 қазан күні бірнеше өңірде тұман түсіп, өрт қаупі күшейетіні туралы жазған болатынбыз. 

Айта кетейік, Атырау мұнай өңдеу зауытында экологиялық заң бұзу анықталды.

Ал Алматыда 2040 жылға дейін экологияға әсер ететін 276 кәсіпорын қаладан шығарылады.