Бүгін еліміздегі екі қаланың ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Yandex.kz

– 18 қыркүйекте Алматыда, түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, экожүйелерді қалпына келтіру, парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайту, көміртек бірліктерін қалыптастыру мақсатында еліміз 100 мың гектар жасанды орман құру жобасын бастайды.

Ал Атырауда ауа сапасының нашарлауына әсер ететін негізгі факторлар аталды. Бұдан бөлек, Өскемен қаласында ауаға тараған үш зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асып кеткені анықталды.

Сондай-ақ Атырауда ауа сапасының нашарлауына әсер ететін негізгі факторларды мына жерден оқи аласыз.