Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Александр Павский, Kazinform.

– 5 қыркүйекте Астана, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, түнде Атырау, Қостанай, Өскемен, Семей қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда ауадағы күкіртсутегінің мөлшері нормадан 10 есе асып кеткенін жаздық.

Ал Қызылордада экология талабын бұзған кәсіпорындарға 3,5 млн теңгеден аса айыппұл салынды.