Бүгін еліміздің 9 қаласында ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

— 6 шілдеде Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан ауа сапасын жақсарту бағытында бірлескен жұмыс тобын құратыны мәлім болды.

Ал аллергияның өршуі табиғи құбылыс па, әлде экологиялық мәселе ме екенін мына жерден оқи аласыз.