Бүгін еліміздің қай қалаларында ауа сапасы нашарлайтыны белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
«2025 жылғы 3 желтоқсанда Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында, түнде Астана, Петропавл, Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетсек, «Қазгидромет» РМК 3 желтоқсанда ауа райының күрт өзгеретініне байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.
Ал еліміздің төрт өңірінде облыстық және республикалық маңызы бар жолдар жабылды.