– 5 шілдеде Орал, Ақтөбе, Балқаш және Жезқазған қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан ауа сапасын жақсарту бағытында бірлескен жұмыс тобын құратыны мәлім болды.
Ал аллергияның өршуі табиғи құбылыс па, әлде экологиялық мәселе ме екенін мына жерден оқыңыз.