Kazinform агенттігінің YouTube арнасында тікелей эфир ұйымдастырылады.
Сондай-ақ әлеуметтік желідегі consot_kz, constcouncil.kz, Конституциялық реформа 2026 ресми парақшаларда тікелей эфирде көрсетіледі.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысындағы ұсыныстар жинақталады.
Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өткен болатын.
Еске сала кетейік, Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) ережесі және оның құрамы жарияланды.