— 16 қазанда Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Жезқазған, Қостанай, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, еліміздің бірқатар өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды. Кей жерлерде шаңды дауыл соғып, тұман түседі, көктайғақ болып, үсік жүреді.
Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Бірнеше облыста өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.