АСТАНА. KAZINFORM – Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты іс қылмыстық соттың қарауына жіберілді. Бұл туралы елорда сотының баспасөз қызметі растады.
«Іс «өте құпия» деген белгімен келіп түсті», - деп хабарлады қалалық соттан.
Еске сала кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрлігін 2019 жылдан бастап басқарды. Ол лауазымынан қаңтар оқиғаларынан соң, 2022 жылы босатылған болатын.
Еске сала кетейік, бұрынғы Ішкі істер министрі биыл 30 сәуірде ұсталған еді.
2 мамырда Бас прокуратура бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың екі айға қамалғанын хабарлады.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.