Чили жағалауында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына (EMSC) сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері 25 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 12:29-да тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Сан-Антонио қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 62 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 29 шақырым тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Түркияның оңтүстік-шығысында 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді.