Дабыл мен атыс: алматылықтарға оқу-жаттығуға байланысты ескерту жасалды

Фото: Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қаласында 26 қыркүйекте аумақтық қорғаныс бойынша «Қорғау-2024» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығу Жетісу ауданында, «ЖЭО-1» аумағында өтеді. Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын дыбыстық эффектілерге алаңдамауға шақырды.

- Оқу-жаттығу барысында әртүрлі қаруды қолданудың сыртқы белгілеріне ұқсайтын жабдықтар қолданылады. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына алаңдамауды және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз, - деп хабарлады Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда марафонға байланысты бірнеше көше жабылатынын жазғанбыз.

Сондай-ақ Алматыда түнгі уақытта Сейфуллин даңғылында қозғалыс шектеледі.