Сирияның бұрынғы үкіметі тұсындағы шиеленістерге байланысты тоқтатылған бағыт желтоқсанда билік ауысқаннан кейін бірнеше апта өткен соң қайта жанданды. Бұл Сирияның жаңа үкіметі мен Доха арасындағы қарым-қатынастардың жылынуын білдіруі мүмкін.
Кейінгі рейстер немесе ұзартылған қызмет көрсету кестелері туралы толығырақ ақпарат әлі жарияланған жоқ.
Башар Асад билігі құлатылғаннан кейін Сирияның өтпелі үкіметінің жаңа Сыртқы істер министрі Асаад Хасан аш-Шибани Дохаға барып, онда Қатардың премьер-министрі және Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдель Рахман бен Джассим Әл Танимен кездесті.
Екі жақ та келіссөздерді «терең және жан-жақты» деп сипаттап, Сирияны қалпына келтіру және ауысу үдерісі үшін ортақ жол картасының маңыздылығын атап өтті.
Еске салсақ, Сирия оппозициясы Дамаскінің Асад режимінен азат етілгенін жариялады. Бұл туралы Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы хабарлады.
Кейіннен Башар Асад президенттік қызметтен бас тартып, елден кету туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.
16 желтоқсанда Башар Асад елден қашқан соң алғаш рет мәлімдеме жасағанын жазған едік.
БҰҰ мәліметінше, 3 аптада көрші елдерден Сирияға 50 мыңнан аса адам оралған.