Денис Евсеев Қытайдағы турнирде жергілікті теннисшіні ұтты

Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 340-ракеткасы Денис Евсеев Бейжің (Қытай) челленджер турнирінде іріктеу сайыстарының финалына шықты.

Іріктеуде 8-ракетка болып тіркелген Д.Евсеев бастапқы кездесуінде рейтингіде 844-орында тұрған қытайлық Яо Дзенганы қапы қалдырды. 

Бірінші партияда 6:4 есебі тіркелсе, Евсеев екінші сетте де қарқынын жоғалтқан жоқ – 6:2.

Сағат жарымға созылған бәсекеде Д.Евсеев 1 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Дзенга 4 эйс, 2 брейкпен (3 брейк-пойнт) ерекшеленді. 

Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 292-ракеткасы, тайбэйлік Тун-Лин Вумен кездеседі. Оны жолдан тайдырса, негізгі жарысқа жолдама алады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Қытайдағы турнирдің жартылай финалында ойнайтынын жазған едік

Сондай-ақ Александр Шевченко Қытайдағы жарыстың жартылай финалына шықты.