Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Фото: Коллаж: Kazinform / Freepik / Pixabay

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508 – 514 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 11 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,27 теңге. Еуро — 527,29.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 512,5 теңге. Еуро 525 — 529,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 508 теңге, сатып алу құны — 514 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,19 - 5,29 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 10 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,10 теңгеге төмендеп, 509,91 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.