Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 515 – 521 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: pexels.com

Ұлттық банктің 6 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 515,97 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,25 теңге. Еуро – 537,80.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 519,5 теңге. Еуро 538 – 541 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 515 теңге, сатып алу құны – 521 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,18 - 5,28 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 5 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,05 теңгеге төмендеп, 516,06 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.