Джорджа Мелони Тоқаевқа алғыс білдіріп, Қазақстанмен серіктестікті нығайтуға ниетті екенін айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Италия Республикасының Премьер-министрі Джорджа Мелони бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Фото: Акорда

Джорджа Мелони Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы достық үшін алғыс білдірді.

Еске салсақ, былтыр мамыр айында Италия премьері Қазақстанға ресми сапармен келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Италия Премьер-министрі Джорджа Мелониді қарсы алды. Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони келіссөз жүргізді.

Жалпы елордада өткен «Италия — Қазақстан» іскерлік форумында екі елдің ұйымдары жалпы сомасы 180 миллион еуро болатын 10 меморандумға қол қойды.

Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ең сындарлы көшбасшылардың бірі деп атады.

Айта кетейік, 4 қыркүйекте Джорджа Мелони басқаратын Италия министрлер кабинетінің үздіксіз жұмыс істегеніне 1 413 күн толып, Сильвио Берлусконидің екінші үкіметінің қызмет ету мерзімінен асып түскені белгілі болды. Осылайша Мелони үкіметі Италияда билік басында болу мерзімі бойынша рекорд орнатты.