Дзюдодан АЧ: қазақстандық кадеттер 3 алтын, 5 қола медаль жеңіп алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тайбэйде дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдофедерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық кадеттер 3 алтын, 5 қола медальжеңіп алып, 17 елдің арасынан жалпы медаль кестесінде көш бастады.

Атапайтқанда, Әлима Жұмағалиева (40 кг), Нұрқанат Серікбаев (50 кг), ТілегенТынарбай (66 кг) чемпион атанды.

АлАслан Лес (55 кг), Мәрлен Әділ (60 кг), Диана Буркеева (44 кг), Балнұр Әбдешова(48 кг) және Аружан Ережепова (48 кг) үшінші орынға көтерілді.

Жасөспірімдерарасындағы Азия біріншілігі жексенбі күні аяқталады. Демек, медаль қорынтолықтыруға мүмкіндік бар.

Ескесала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының екі алтын алуды жоспарлап отырғанын, Загребте өтіп жатқан Гран-прин турнирінде Галбадрахтың жеңімпаз атанғанын жазған болатын.

ЗагребтегіГран-при жарысының екінші күні қазақстандық дзюдошылар үшін сәтсіз болды. БүгінРуслан Мұсаев (81 кг) алғашқы белдесуінде-ақ жапониялық Таканори Нагасеге есежіберсе, Ақылбек Серік (73 кг) пен Жансай Смағұлов (73 кг) екінші айналымдажарыс жолынан шығып қалды.

Загребжарысы ертең мәреге жетеді.