АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Египеттің Александрия қаласында күрес түрлерінен рейтингілік турнирдің соңғы күні қазақстандық 1 балуан қола медальға ие болды. Бұл туралы Қазақстан күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан күрес түрлері федерациясының мәліметінше, Ибраһим Мұстафа жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің соңғы күні еркін күрестен 57 келіде Рахат Қалжан қола медальға ие болды.
Осылайша Қазақстан құрамасы бұл жолғы доданы 2 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдемен қорытындылады.
Еске салайық, бұған дейін Египеттегі турнирдің алғашқы күні қазақстандық балуандар
7 медаль, екінші күні
3 медаль, үшінші күні
2 медаль жеңіп алған еді.Сондай-ақ, биыл сәуір айында Астанада ересектер арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтетінін
хабарлағанбыз.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.