Екі айда Өзбекстанда 8 есірткі зертханасы анықталды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 2026 жылдың алғашқы екі айында Өзбекстанның құқық қорғау органдары 8 зертхананы анықтап, 375 келі есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
Есірткі және қару айналымын бақылау агенттігінің мәліметінше, қамтылып отырған кезеңде 146 келі гашиш, 113 келі марихуана тәркіленді. Сондай-ақ, 116 келі түрлі психотроптық заттар айналымнан алынды.
Қоса кетсек, былтыр желтоқсанда Қазақстаннан Өзбекстанға мефедрон алып өтпек болған азамат ұсталды.
Бұған дейін Өзбекстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Баходир Ташматов Орталық Азия арқылы жылына 90 тоннаға жуық героин өтетіні жайлы мәлімдеп еді.
Мұнымен қатар Есірткіге қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия үйлестіру орталығының кеңсесі Астанаға көшірілмек.
Өзбекстанда газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізіледі.