Алайда қалалық аурухананың негізгі ғимараты тозып тұрғанын емдеу мекемесінің басшылығы назарға алғысы келмегенге ұқсайды. Оны жөндеу жоспарларында болмаған.
- 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетті талқылау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында Екібастұз қалалық ауруханасының басшылығы мәйітхананы жөндеуге бақандай 380 млн теңге қажет деген бюджеттік өтінім жасады. Екібастұз қаласының ауруханасы көп уақыттан бері күрделі жөндеуге мұқтаж. Бұл мәселені басшылығы назарына да алмаған. Тіпті 2025-2027 жылдарға арналған бюджетте ауруханаға жөндеу жұмыстары қарастырылмаған. Бюджетті бекітетін депутаттарға сессияға жарты күн уақыт қалғанда ғана таныстыруға әкеліп отыр. Жалпы осы уақытқа дейін облыстық мәслихаттың бюджеттік комиссиясы жұмысын көбіне «жасырын» түрде өткізіп келді. Ашықтықты талап еткеннен кейін ғана биылғы жылы екінші рет кеңейтілген отырысы өтті. Бюджет жобасына ешқандай өзгеріс енгізу мүмкін емес. Сонда жергілікті өзін-өзі басқару, мәслихаттардың модернизациясы, түптеп келгенде Мемлекет басшысы берген тапсырмалар, халықтың артқан сенімі қайда? - деп қапаланады депутат Маханбет Амангелдіұлы.
Белгілі болғандай, халық қалаулысы көтерген мәселені Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қолдаған. Алдағы уақытта мәйітхананы жөндеуге сұралған қаражат қайта қаралады деп күтіліп отыр.
Бұған дейін Екібастұз қалалық аурухананың кредиторлық берешегі 700 миллион теңгені құрағаны туралы жазған едік.
Қарыздың 50 пайызы коммуналдық қызметтерден шыққан. Ал Павлодардағы №3 аурухананың 356 млн теңге қарызы бары екені анықталды.