Екібастұздағы техногенді апат енді қайталанбай ма? ЖЭО мамандары мен коммуналдық қызмет жаңа жылыту маусымына қаншалықты дайын? Президент облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдарға қандай міндеттерді белгілеп, тапсырмалар жүктеді? Осы сұрақтарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысына жұмыс сапарынан арнайы дайындалып, өңірдегі өзекті мәселелерді қамтыған «Ертіс бойындағы елеулі істер» деректі фильмінде жауап берілген.
Деректі фильм бүгін сағат 23:30-да Jibek Joly арнасынан көрсетіледі.