Отандасымыз ерлер арасында 60 келі салмақта ақтық сында жапониялық Хаято Кондомен белдесті.
Қортындысында, Елдос негізгі уақытта қарсыласына 0:2 ұпаймен жол беріп, екінші орын алды.
Айта кетерлігі, Елдос Сметов 2014 жылғы жазғы Азия ойындарының чемпионы.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Әбиба Әбужақынова әйелдер арасында 48 келі салмақта күміс жүлде жеңіп алды.
Ғұсман Қырғызбаев пен Меруерт Сәрсенова Азиаданың қола медалі үшін бақ сынайды.