Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 4-ракеткасы, америкалық Кори Гауфпен бетпе-бет келді.
Бұдан төрт жыл бұрын америкалық спортшы дәл осы Торонтода тартысты матчта Елена Рыбакинаны 6:4, 6:7 (8:10), 7:6 (7:3) есебімен жеңген еді.
Бұл жолы америкалық теннисші бірінші сетті брейкпен бітірді — 7:5.
Екіншісінде Елена қос брейкпен жауап қайырды — 6:2.
Е.Рыбакина үшінші партияда да осы қарқынынан танған жоқ — 6:2.
Екі сағат 2 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 5 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Гауфф 3 эйс, 1 брейкпен (4.брейк-пойнт) шектелді.
Елена Рыбакина финалда әлемнің 8-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен чемпиондық атақты сарапқа салады. Ол жартылай финалда әлемнің 9-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинаны қапы қалдырды — 6:3, 1:6, 6:3.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Торонто турнирінде Елена Рыбакинаның «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионын жеңгенін жазған едік.
Сондай-ақ теннисші Соня Жиенбаева жеңіс сериясын алты матчқа жеткізді.
Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде қарсыласын камбэкпен ұтты.