Елена Рыбакина қай турнирлерде бақ сынайтыны белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина таяуда қай жарыстарда өнер көрсететінін жария етті.
Фото: ҚТФ
Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасының сторисінде мәлім еткеніндей, қазақтандық теннисші Торонто (Канада), Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінде, содан кейін АҚШ ашық чемпионатында бақ сынайды.
Е.Рыбакина алдымен 2-13 тамызда өтетін Торонто жарысына қатысады. Содан кейін 13-23 тамыздағы Цинциннати додасына жолы түседі.
Фото: instagram.com/lenarybakina
Жылдың соңғы «Үлкен дулыға» турнирі – АҚШ ашық чемпионаты 30 тамыз – 13 қыркүйек аралығында өтеді.
Биыл әлемнің 1-ракеткасы атануды мақсат еткен Е.Рыбакина үшін осы жарыстардың қай-қайсысы да маңызды болмақ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Германиядағы турнирде жарыстың 2-ракеткасын жеңгенін жазған едік.
Сондай-ақ Александр Бублик екінші жыл қатарынан Аустриядағы турнирдің финалына шықты.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).