Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы бұйрығына сәйкес, мектептердегі терроризмге қарсы қауіпсіздіктің міндетті элементтеріне мыналар кіреді:
— камералары ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйесі;
— дабыл түймелерін орнату;
— лицензиясы бар күзет қызметімен келісімшарт жасасу;
— ғимаратқа кіруді бақылау және басқару жүйелерімен қамтамасыз ету.
2025 жылдың соңында Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, барлық мектептің терроризмге қарсы қорғаныс талаптарына іс жүзінде сәйкестігін тексерген.
— Әкімдіктер мен өңірлік полиция департаменттерінің деректеріне сәйкес, терроризм тұрғысынан осал объектілер санатына жататын мектептер 100 пайыз терроризмге қарсы қорғаныс талаптарына сәйкес келеді. Бүгінде терроризм тұрғысынан осал объектілер саналатын барлық 6 254 мектеп терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша белгіленген талаптарға сәйкес жабдықталған, — делінген ведомствоның агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.
Сонымен қатар министрдің бұйрығына сәйкес, мектептерде әр жарты жылда кемінде екі рет қызметкерлердің, педагогтер мен оқушылардың қатысуымен төтенше жағдай қаупі туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығулар өткізіледі.
Бұған дейін мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына бақылау күшейтілгенін жазған едік.