Еліміздің білім беру ұйымдарында қанша ер педагог еңбек етеді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 108 572 ер педагог жұмыс істейді.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының» баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ішінде

  • 78 651-і мектептерде,
  • 14 220-сы колледждерде,
  • 12 709-ы қосымша білім беру ұйымдарында,
  • 2 690-ы мектепке дейінгі ұйымдарда,
  • 302-сі арнайы білім беру ұйымдарында жұмыс істейді.

Айта кетейік, Қазақстанда 2026 жылдың басынан бері демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді: туу деңгейі өсіп, жалпы, ана және нәресте өлімі айтарлықтай төмендеген. Сарапшылар бұл оң өзгерістерді денсаулық сақтау жүйесіндегі реформалар мен медициналық көмектің қолжетімділігінің артуымен байланыстырады.

Бұдан бөлек, Қазақстан халқының саны жөнінде жаңа деректер жарияланды.