Елордада Қазақстан халқының мәдениетіне арналған көрме ұйымдастырылды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Татулық – ел тұтастығының кепілі» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жиын этносаралық келісімді, қоғам бірлігін нығайтуға және татулықты дәріптеуге бағытталды.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Кездесу барысында қоғамдық келісімнің маңызы, мәдени мұраны сақтау және жас ұрпаққа ел бірлігінің мәнін ұғындыру мәселелері талқыланды.

Фото: ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі

Сондай-ақ, елімізде тұратын этностардың тарихи-мәдени мұрасы мен дәстүріне арналған «Қазақстан халықтарының мәдениеті» атты көрме ұйымдастырылды.

Осыған дейін Астана мен Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қандай іс-шаралар өтетіні туралы жаздық.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі