Қолға түскен азамат Мәскеуде болған кезінде ішімдік ішіп отырып, РФ азаматын өлтірген, кейін қашып кетеді. 2020 жылы күдікті анықталып, мемлекетаралық іздеу жарияланған.
Қазіргі уақытта қылмыскер Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр.
15-19 ақпан аралығында елорда аумағында қылмыстық жағдайдағы көші-қонды төмендету мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізіліп жатыр.
Қала аумағында заңсыз мигранттар мен ішкі істер органдарында уақытылы тіркелмей көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтау мақсатында жүйелі түрде тексеру жүріп тұрады.
Үш күн ішінде полиция қызметкерлері шетел азаматтарының елде болу ережесін бұзған 174 фактіні анықтаған, сондай-ақ іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының 8 азаматы ұсталды.