«Нәтижесінде әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша толтырылған хаттамалар арқылы бюджетке 27 288 535 теңге айыппұл аударылды», - делінген қалалық «iKOMEK» орталығының Instagram парақшасында.
03:22, 14 Қазан 2021
Елордада тәртіп пен тазалықты бұзушылар 27 млн теңге айыппұл төледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қауіпсіздікті анағұрлым тиімді үйлестіру және орталықтандырылған мониторингті қамтамасыз ету үшін «iKOMEK» орталығында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Олармен бірлесіп, ағымдағы жылдың басы мен қыркүйек айы аралығында 12 023 құқықбұзушылық анықталды. 96 қылмыстық істің ашылуына ықпал етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.