Ең төменгі жалақыны көтеру: түпкілікті шешім қашан қабылданады

АСТАНА. KAZINFORM — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ең төменгі жалақыны көтеру міндетіне қатысты түсінік берді.

Коллаж: Kazinform

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында ең төменгі жалақыны көтеру мерзіміне қатысты сұрақ қойылды.

Бұл тұрғыда А. Ертаев тиісті мерзім айқындалғанын және ол Үкімет мен Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің іс-қимыл жоспарында бекітілгенін айтты.

- Оның мерзімі – 2027-2028 жылдары. Ең төменгі жалақы мөлшері 2 жыл мерзімде талқыланады. Бұл ретте оның әдістемесі пысықталып, содан кейін ең төменгі жалақы деңгейі айқындалады, - деді министр.

Еске салсақ, жақында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин Үкіметтің алдында ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру міндеті тұрғанын айтқан болатын. 

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ең төменгі жалақыны көтеру туралы түпкілікті шешім мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігіне байланысты қабылданатынын мәлімдеді