Энергетика министрі өзінің табысын жариялады

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов өзінің жалақасы қанша екенін жариялады.

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында министр 2025 жылы жалғыз табыс көзі өзінің жалақысы болғанын айтты.

— Егер жалақы жөнінде айтсақ, оның сомасы айына 1,2 млн теңгені құрады. Бізде сыйақылар да бар, оның көлемі көрсетілген (декларацияда), - деді Е.Ақкенженов.

Осы орайда ол бір жылдағы табысы 20 млн теңгеден сәл асқанын нақтылады.

Бұған дейін Мәжілістің сайтында кейбір депутаттардың жұбайларына тиесілі кіріс сомасы жарияланған еді. 

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жанар-жағармай бағасының қымбаттау ықтималдығына пікір білдірді.