Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің шешіміне сәйкес Ақтөбе әуежайы 2022 жылғы 28 наурыздан бастап жұмысын қайта бастайды.
«Бұрын орындалатын барлық ішкі және халықаралық рейстер кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі. Әуе билеттерді айырбастау, қайтару, ұшу уақытын ауыстыру бойынша барлық мәселелер бойынша оларды сатып алған жерге хабарласу қажет екенін естеріңізге саламыз», - деп жазылған әуежайдың Instagram парақшасында.
Сондай-ақ, хабарламада биыл Ақтөбеден жаңа әуе бағыттарын ашу жалғасатыны айтылған.
Еске сала кетсек, бұған дейін аталған әуежайдың 2 аптаға жабылатыны хабарланды.
Әуежайыдың ұшу-қону алаңы зақымданып, басқарма төрағасы Дастан Малиев жөндеу жүргізілетінін айтқан болатын.