Есірткі бизнесіне қатысы бар 45 адам ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес бағытында жұмысты жалғастырып жатыр.

Фото: ҰҚК

2026 жылғы тамыздан қазан айына дейін есірткі жеткізудің 8 халықаралық және 11 өңірлік арнасының жолы кесіліп, 5 жасырын зертхананың әрекеті тоқтатылды.

Фото: ҰҚК

Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл аясында 8 халықаралық есірткіге қарсы операция жүргізілді.

Фото: ҰҚК

Нәтижесінде, 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, оның ішінде 11,1 кг апиын, 14,2 кг гашиш, 404,6 кг марихуана, 320,6 кг сора бұталары, 18,4 кг синтетикалық есірткі, сондай-ақ 525 кг синтетикалық опиоид, күшті әсер ететін заттардың 2 650 таблеткасыжәне 2,6 тонна прекурсор бар.

Фото: ҰҚК

Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен ҚР-ның 40 азаматы және 5 шетелдік ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетелік ШҚО-да биыл 600 келіден астам есірткінің айналымға түсуіне тосқауыл қойылған еді.