«Есірткі саудалағаны үшін тұлғаларды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға қатысты мынаны хабарлаймыз. Қазіргі уақытта қылмыстық заңнамаға мұндай өзгерістер енгізу асығыстық екендігі туралы шешім қабылданды», - делінген агенттіктің ресми сауалына министрлік берген жауапта.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың желтоқсанында Мәжілісте өткен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тақырыбындағы Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ержан Саденов есірткі өткізіп, бірінші рет қолға түскен және тергеуге жан-жақты көмек көрсеткен күдіктінің жауапкершіліктен босатылуы мүмкін екендігін айтқан болатын.
«Егер қылмыс бірінші рет жасалса, сондай-ақ кінәлі адам тергеу органдарымен белсенді ынтымақтастықта болса, есірткі өткізушілерді жауапкершіліктен босату мүмкіндігі қарастырылады. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Мәжіліс депутаттарын осы түзетулерді заң жобасы аясында қарастыруды сұраймын», - деген деді ведомство басшысы.