Бұл шешім компанияның жеңіл автомобильдер сегментіндегі үлкен шығындарға, электромобильдер шығару үшін қымбат қайта құрылымдауға және қатаң экологиялық стандарттарға байланысты қабылданған. Жағдайды мемлекеттік субсидиялар тоқтатылғаннан кейін электромобильдерге сұраныстың күрт төмендеуі қиындатып отыр.
«Біз Ford-тың Еуропадағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін күрделі, бірақ шешуші шаралар қабылдауға мәжбүрміз», - деді компанияның атқарушы директоры Маркус Вассенберг.
Ford электромобильдер шығаруды бастау үшін Кельндегі зауытты жаңғыртуға екі миллиард еуроға жуық инвестиция құйып үлгерді, бірақ компанияның үміті ақталмады – жаңа үлгілердің сатылымы жоспарланғаннан төмен болып қалып отыр.
Қаржы тапшылығы компания басшыларының кетуіне әкеліп соқты: осылайша, осы жазда Германиядағы Ford компаниясының басшысы Мартин Сандер Volkswagen-ге ауысты.
Бұған дейін Volkswagen Германиядағы зауыттарын жабуды қарастырып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Қазан айында жазғанымыздай, Еуропа мен Германиядағы ең ірі автокөлік өндіруші Volkswagen компаниясының кірісі 64%-ға төмендеді.
Еске салсақ, Kazinform-ның меншікті тілшісі Volkswagen дағдарысы туралы талдау материал жасаған болатын.